Қала күні қарсаңында

Қоқыс өңдейтін зауыт ашылды

37bТалдықорған қаласында тұрмыстық қалдықтарды қабылдап, сұрыптап және өңдейтін зауыт ашылды.Қатты тұрмыстық қалдықтардан өнім өндіретін өндіріс орны Талдықорған – Үштөбе бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан. Оның жалпы аумағы 3,5 гектар жерді алып жатыр. Қатты тұрмстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытынның құрылысына 1,4 миллиард теңге қаражат бөлінген. Ал өнім өндіру қуаттылығы жылына 100 тоннаны құрайды.

37nЕрлан Дүйсебаев – қоқыс зауытының директоры:
Қазір  зауыттың алғашқы  кезеңі іске қосылды.  Алғашқы сатыда біз әзірше тек қоқысты сұрыптаумен айналысамыз. Мәселен шыны , пластик, металлдарды, картон-қағаздарды сұрыптап, өңдеушілерге жібереміз. Жыл аяғына дейін  жұмыртқа салатын картон  ұяшықтарды өндіруді қолға алмақпыз. Зауыттың екінші сатысы биогаз өндіріледі, ал үшінші сатыда  агроөнеркәсіпке қажетті биогумус шығарамыз.
Толығымен зауыт 2021 жылы  іске қосылмақ.
Қазіргі таңда ауаны ластайтын қоқыстар легі көбеюде. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында өзекті мәселесіне айналған тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмысын қолға алатын зауыттан ұтарымыз көп.
Цехтың ашылуына арнайы келген Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов мұндай кәсіпорынның экологияны сақтаудағы маңызына тоқталды. «Қаладан күніне 80-100 тонна қоқыс шығады. Оларды қайта іске жарату мәселесін Елбасының өзі көтерген болатын. Бұл – Президент тапсырмасының нақты жүзеге асқанын көрсетеді. Талдықорған – таза қала. Мұндай өндіріс орындары қаланың тазалығын тіптен жоғары деңгейге көтереді» - деді қала басшысының орынбасары.
Жаңа зауыт облыстағы жұмыссыздық деңгейінің сәл де болса да азаюына үлес қосты. Нақтырақ айтсақ,  жұмыссыз жүрген  20 талдықорғандық тұрақты жұмысқа орналасты.  Олардың орта жалақысы 70 мың теңгені құрайды. Бұл да  игі істердің бірі.

Спорт

Боз кілемде ардагерлер белдесті

15 қыркүйек күні Талдықорғанда  қала күні мерекесіне орай  ардагер спортшылар арасында қазақ күресінен «Арландар айқасы» турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесі сарапқа салынған бәсекеге облыстың түпкір-түпкірінен 10 команда, 30-ға тарта балуан қатысты. Жарыс 45-50 жас, 51-55 жас және 56 жастан жоғары спортшылар арасында ұйымдастырылды.

37a«Жастар» спорткомплексінде өткен жарыс тартысты өтті. Ардагерлер боз кілемге шыққан бетте жеңу мақсатында бір-бірінен айлаларын асырды. Бұл ретте аса белсенділік танытқан Алакөл ауданның спортшыларын атап өткен жөн.
Жастарының үлкендігіне қарамай боз кілемде белдескен ардагерлер бұл турнирге үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Жарыс қорытындысына сәйкес, 50 жасқа дейінгі балуандар арасында 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде бірінші орынды талдықорғандық Жұбанышбаев Талғат жеңіп алса, 90 келіден жоғары салмақта бас бәйгені алакөлдік Омаров Серікжан қанжығасына байлады. 55 жасқа дейінгі балуандар арасында 90 келіге дейінгі салмақта көксулық Нұрлан Дәрубаев топ жарса, 90 келіден жоғары  категорияда Бақнұр Шаяхметов жеңімпаз атанды. Ал 56 жастан жоғары ардагерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз болып көксулық балуан Сейіт Дәуітов танылса, одан жоғары салмақта талдықорғандық Саятхан Құдайбергенов жеңімпаз атанды.

Жалпы қалалық сенбілік өтті

Өткен аптада Талдықорған қаласының аумағында «жалпықалалық сенбілік» өтті.  Шараға қалалық әкімдік қызметкерлерінен бастап барлық мекемелер -  жалпы саны 347 ұйым қатысты. 33 техника жұмылдырып, жиналған қоқыс үйіндісін сыртқа шығарды. 

37dӘр мекеме өзіне тиесілі жерді тазалап, қала тазалығына үлес қосты.  Басты назарда болған аймақтар – қаламыздың орталық көшелері, кеншілер алаңы, әкімдік, мешіт және т.б. жерлер. Қала тұрғындары мен коммуналдық қызметтердің ортақ күш-жігерімен қаладан 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
«Қала күні тек мәдени шаралардан тұрмайды. Ең бастысы – қала тазалығы. Міне, бүгін алғашқы күздік жалпы қалалық сенбілік өткізіп жатырмыз. Бүгінгі шараға қала бойынша 20 мыңға жуық азамат қатысып жатыр. Санитарлық тазалық жұмыстары 15-қарашаға дейін жалғасады. Талдықорған – таза қала. Барлық қала тұрғындарын қала тазалығы үшін үлес қосуға шақырамын»  - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Қыстаубаев. Айтуынша, мұндай сенбіліктер ауа-райы ашық болса, әр апта сайын өткізіледі.
Сонымен қатар Талдықорған көшелеріне көрік беру үшін, раушан гүлдері отырғызыла бастады. Гүл отырғызу жұмыстары 30-қыркүйекке дейін жалғасады. Жалпы, 6 демалыс орнына 31 мың түп раушан гүлін қондыру жоспарланған. Гүлдің әр түбіне кепілдік берілген және авторлық қадағалау жүргізіледі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші сенбілікке шыққан азаматтардың арқасында  қала бір тазарып қалды. Күзгі сенбіліктің арқасында қала көшелері көріктеніп, қаламыз одан сайын жарқырай түсті.

Жаңа мейрамхана ашылды

Талдықорған қаласында  «Degirmen»  жаңа мейрамханасы  ашылды. Мекен- жайы Ақын сара көшесі №152, Мұқан Төлебаев көшелерінің қиылысында орналасқан мейрамхана иесі талдықорғандық кәсіпкер Талғат Омарқұлов.

37sШараның ашылуына арнайы келген Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев  «Бұл қала күні мерекесі аясындағы шаралардың бірі. Бүгінде қаламызда 9848 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Мына мекеменің ашылуымен ол тағы біреуге толықты. Бастысы – 36 адамға жұмыс табылып отыр. Ең маңыздысы осы. Кәсіпкерліктеріңіз өркендей берсін» - деп тілек білдірді.
«Degirmen»  түрік  брендті  мейрамханалар желісі бойынша  Қазақстанда жиырма кафе ашылған.
Бүгінде Талдықорған бойынша 26 мыңнан аса адам шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуда.

Көңілді серпілткен жайдарманшылар

Есен Елеукен бастаған жайдарманшылар талдықорғандықтарға арнап әзіл-қалжың байқауын өткізді. 11 команда Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың кубогын сарапқа салды.

37f«Бүгін өте әдемі кеш болды. Командалардың дайындығы да көрініп тұр. Осындай өнерлі қыз жігіттерді Жетісудың төріне алып келген Есен Елеукенге зор алғыс! Алдағы жылдары әртістігі мен шеберлігі көзге түскен жеке ойыншыларды да атап өту қажет екен. Бүгін мәдениет сарайына көп халық симай қалды. Бұйырса, келесі жылы Талдықорғанда жаңа драма театр салынады. Ендігі ойындарыңызды сол жерде өткізсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді. Ел-жұртты осындай өткір  де, астарлы әзілдеріңізбен тамсандырып жүре беріңіздер» - деді қала басшысы.
Сонымен, қазылар алқасының шешімімен 1-орын мен қала әкімінің кубогын алматылық ІТ құрамасы жеңіп алып, 200 мың теңгені қанжығаларына байлады. Ал, 2-орынға тігілген 150 мың теңгені Спорт және туризм академиясының «Томирис» қыздар құрамасы иеленсе, 3-орынды талдықорғандық «Шапалақ» командасы жеңіп алып, 100 мың теңгені олжалады.  Жайдарманға қатысқан барлық командаларға  қала әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.
Сайыскерлерді құттықтай отырып, алдағы уақытта кереметтей ойындар мен саптаулы әзілдер күтеміз.

Бетті дайындаған Ардагул Әскербек

 

Поделиться:

Просмотров: 41