Қала күні қарсаңында

Брифинг. Акция. Жаңа туынды.

Талдықорғанда мерекелік шаралар басталды

«Қала күні» мерекесіне дайындық аясында  қала әкімі Бағдат Қарасаев  журналистермен  баспасөз  конференциясын  өткізді.

Қоғам қайраткерлерімен кездесу, қызықты әрі қиын шығармашылық байқаулар, шеберлік сабақтар, «Қазақфильм» киностудиясы туындыларының көрсетілімдерімен танысу, тарихи орындарға саяхат, қайырымдылық аукционы, спорттық сайыстар, әлеуметтік нысандардың ашылуы, кәсіпорындардың тұсаукесерлері және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы биылғы мерекенің сәнін келтіретіні сөзсіз.
«Дәл қазір қалада мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Орталық көшелер, яғни Абай, Абылайхан, Ақын Сара, Рақышев көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір оқу жылы басталды. Көптеген қолайсыздықтар, көліктер кептелістері  туып жатыр.  Мен қала тұрғындарынан осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын. Жаз бойы қалаға газ құбырлары төселіп, жол жөндеу жұмыстары кейінге қалды. Оныңда себебі бар, газ құбырлары бітпей  жолды жөндеу жұмыстарын бастай алмаймыз. Күн суытқанға дейін бұл мәселені толығымен шешетін боламыз» деді шаһар басшысы Бағдат Қарасаев.
Талдықорған қаласында 12 ескерткіш бар.  Әрбір ескерткіш маңында «Жайнай бер менің қалам – Талдықорған» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізіледі. Әзірге мерекелік гала-концертке келетін жұлдыздар есімі құпия. Басты жаңалықтардың бірі  - 22 қыркүйек күні қаламыздың мәртебесін асқақтатқан Қазақстанның 18 миллионшы тұрғыны Муслима Саматқызына 3 бөлмелі пәтер  кілті  табыс етілетін  болады.
«Қала күні» негізінде  өткізілетін  шаралар  30 қыркүйек күні «Жастар» саябағында  таңертеңгі  сағат 10-00 бастап  кешкі сағат  22-00 дейін жалғасады.
Баспасөз конференцияға қатысқан әрбір тілшіге мерекелік жарқағаз таратылды.

«Мейірімді жүрек»

36hҚала күні мерекесіне орай Талдықорғанда «Мейірімді жүрек» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жалғызбасты қарт адамдарға қолғабыс беру. Шараға қаланың белсенді жастары, еріктілер жасағы, әлеуметтік сала қызметкерлері және кәсіпорын жұмысшылары қатысты.

Талдықорған қаласы бойынша 260-тан астам жалғызбасты қария бар екен.  Соған байланысты 9 қыркүйек күні қаланың белсенді жастары бірнеше қарияның үйіне барып, үй шаруасындағы жұмыстарға көмек қолын созды. Атап айтсақ, Луговая  көшесі  №56  үйде тұратын тыл еңбеккері Мария Даниялова   көмекке зәру жалғызбасты қарияларды бірі. Ұлдарының бәрі шет ел асып, Ресейге көшіп кеткен. Кенже қызы күнде келе бермейді. Талдықорған қалалық жастар ресурстық орталығының жігіттері Мария апамыздың қыстық азығы -  картобын қазып берді. Үйдің маңына жиналған күл-қоқысты да шығаруды  іске асырды.

36jКелесі кезекте Жамбыл көшесі №26 үйдің тұрғыны Бибіғайша  Әбсадырова әжейдің бақшасындағы  қамыс пен арам шөптен арылу   жұмысы  жүргізілді. Он жыл бұрын жалғыз ұлы марқұм болса, кейін артынан атамыздан айырылған Бибіғайша апамыздың көршілерінен басқа көмекшілері жоқ. «Жасыл ел» ұжымының жігіттері әжейдің ауласын тазарту барысында көп жұмыс атқарды.

Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, бала-шағасыз қалған қарияларға қамқорлық жасау – әркімнің міндеті екенін «Мейірімді жүрек» акциясы еске салады.   Бұл акция  әлі де өз жұмысы барысында   жалғызбасты мұқтаж қарияларға азық-түлік, қыстық отын-көмірмен қамтамасыз ететін болады...

«Қазақфильм» киностудиясының туындылары кµрсетілді

12 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында қала күніне орай «Ертөстік және айдаһар» мультфилмі және «Жаңғақ тал» фильмінің көрсетілімі өтті. Ұзақтығы – 67 минутқа созылған 3D форматындағы   тұңғыш  отандық      анимациялық мультфильмді көруге қаланың оқушылары белсенділік танытты. Режиссерлері Жәкен Даненов пен Рустам Тұралиевтің бұл туындылары балаларға базарлық болды.

36kЕртөстіктің ерлігіне тәнті болған балалар қол шапалақтап, тапжылмай отырып көрді. Мульфильм сағат 12-00де және 14-00 екі рет көрсетілді.
Сағат 17-00 де «Жаңғақ тал» фильмі жарыққа шықты. Фильм  негізінде кәдімгі отбасының арасындағы қарым-қатынастар суреттеледі.   Бұл туынды әзіл, жақсылық және кешірім біздің бәрімізді біріктіретіндігін дәлелдейді.
Айта кетейік, "Жаңғақ тал" фильмі Оңтүстік Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасында New Currents ("Жаңа ағым") номинациясы  аясында бас жүлдені иемденген болатын. Сонымен қатар, аталмыш картина Везульдегі Азия кинолары 22-і Халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетіліп (Франция, 2016 жыл), екі бірдей жүлдеге - халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды.
Қаламызда осындай «Қазақфильм» киностудиясы туындыларының көрсетілімі болған сайын, қазақ киносын көрушілер саны артатыны сөзсіз.

Бетті дайындаған  Ардагүл ӘСКЕРБЕК

Поделиться:

Просмотров: 36