Қазақ тілінде сауатсыз жазғанды қашан қоямыз?

Тіл полициясының назарына!

Талдықорған қаласында орналасқан сауда үйлерінде қазіргі таңда халық көп қолданылатын «Qiwi» кошелек терминалы орналасқан. Қолдануға ыңғайлы әрі тез  «Qiwi» кошелек терминалында  қазақ тілінде  жазылған «жаилған түрде бір-біреүден қабылдайды»  деген сөйлемде бір емес бірнеше қате орын алған.  Бұл сөйлемнің стилистикалық мағынасы да түсініксіз.

31xБұл сөздердің  дұрысы  «жайылған түрде бір-бірден қабылдайды» -  деп жазылады.
Өкінішке орай, мұндай  «кішкентай қателікке»  ешкім  мән бермеген сайын  мемлекеттік тіліміздің ақсауы көбейе бермек.
Бұл терминалдың қолданыста болғанына көп уақыт болса да осы уақытқа дейін қатенің  еш өзгеріссіз тұрғаны алаңдатады.
Осындай қателердің орын алуымен қоса «Qiwi» кошелек терминалын қолдану барысын қазақ тілінде жүргізу мүмкін емес. Қолданыс барысы – орыс тілінде.
Қазақ жерінде саудаға түскен әрбір тауар иесі қазақтың тілін, яғни мемлекеттік тілді сыйлауы керек екенін естен шығармаған абзал. Шындығына келгенде, осындай өрескел қателер қазақ тілінің абыройын төмендетеді.

Ардагүл ӘСКЕРБЕК

Поделиться:

Просмотров: 89