Өнерге адам келмейді, өнер адамды келтіреді

40bЖамбыл облысы, Қордай ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округінің мәслихат депутатты Саят Медеуов Талдықорған жастарымен кездесті. Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісе отырып, әншінің әсем әнін тыңдады.
Бала кезден әншілікті армандаған Саят бүгінгі таңда, мақсатына қол жеткізді. «Өнерге адам келмейді, өнер адамды келтіреді» дегендей кішкентай кезден ән айтуды үйреніп жүрген Саятқа «Отырар» саз оркестірінің дирижері әрі алғашқы құрушысы Серік Нұртазин және «Тамаша» ойын-сауық орталығының саңлағы Ұлықпан Есеновпен қоса Ұлықпан Жолдасов қол ұшын беріп, биік шыңға көтерді. Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады. Ол кісі армандады, алдына мақсат қойды, ең бастысы әке-шешесінің арманын орындады.

Мәдениет үйінде бір электрик жұмыс жасайды екен. Ол келген әншілерге «осы сендер не бітересіңдер? Сахнаға шығасыңдар, ән айтасың да, сосын қайтасыңдар» деп әншілерге наразы болатын. Бір күні концерт болайын деп жатқанда жарық өшіп қалды. Жарықты қосатын жер сахнасының бұрышында екен. Содан сатыны қойып, жарықты қосқан кезде бүкіл халық шулаған,  электрик көп халықты көріп сатыдан құлап түсіпті. Содан «мен халықты көре салып құлап түстім. Сендер қайта қысылмай өнерлеріңді ортаға салып жүрсіңдер. Ең қиын мамандық – өнер саласы екен» деп әншілердің талантына бас иіпті.

Ұялшақ балаға өнерге келу қиынға соқты. Өз өнерін өзі ғана бағалап жүргенін байқаған анасы күштеп, қонақтарға өлең айтқызды. Сөйтіп ақырындап, бала жұлдыз үлкен әншілікке қарай талпынды. Саяттың алғашқы сахнасы залдағы аласа үстелді бір бұрышқа жинап, соның артында тұрып ән айтатын.
Алматыда «Тамаша»  ойын-сауық орталығында 3000 көрермені бар сахнада өнер көрсеткен сәтте Саяттың қобалжығаннан шыққан тері тобына жетіпті. Бұл үлкен сахнада өнер көрсеткен – алғашқы жетістігі.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Мағауия деген досым бар. Екеуіміз бірге Қызылордаға бардық Музыкалық училищеге кіріп шығып бара жатқанда, Мағауия менен бұрын шығып жастармен суретке үлгеріпті. Содан мен жастармен суретке түсіп жатқан сәтте, Мағауия «қыздар менің маймылымды босатасыңдар ма? Асығыс едім» деген еді.
(басынан өткен қызықты оқиғасы)

Отбалы болу, ұрпақ қалдыру ол – әрбір адамның міндеті. Төрт қызды тәрбиелеп отырған, үлгілі әке. Үйде ұрыс-керіс шықса, қыздарымен ақылдаса отырып, жақсылыққа қол жеткізетін қамқоршы. «Бүгін маған анаң осындай сөз айтты, сендер ешуақытта осындай ауыр сөзді ертеңгі күйеулеріңе айтушы болмаңдар.

40nМаған қалай ауыр тисе , оларға да солай ауыр тиеді. Ауыр сөз айтарда көз алдыларыңда мен тұрайын» деп қыздары кеңес беретін ақылшы.
«Қазіргі таңда көрінген, қалтасында ақшасы бар адамдар сахнаны жаулап алды. Жанды дауыс жайында қалды. Өлеңді айтар кезде рұқсат беретін орталық болса, ол рұқсатсыз ән айтылмаса, заң болса, тыңдайтын құлаққа да жақсы ән барушы еді. Сырға таққан, қыз сияқты, кәрістерге еліктеген адамдардан құралған «эстрада жұлдыздары емес ессізстрада жұлдыздары» дейтін Саят  сахнаның сәнін кетіргендерге өкпесі қара қазандай.
Депуттатқа өз қалауымен келмеген Саят қазіргі таңда өз ісін дөңгелетіп отыр. Қолынан келгенше жақсылық жасауға құмар жан бұл салаға Махаббат Сәдуақасұлының ақылын  тыңдап келген. Білгенін айтып, білмегенін үйрене отырып, халыққа пайда тигізу мақсатында қолжеткізген.
Қазіргі таңда жұлдыз аурымен ауырып жүргенде  қанша ма? Шақырған жерге бару үшін, ақша тілеп, кейде бас тартып жатқандар санаты өспесе, азаяр емес. Саят ол қатардан табылмады. Өзінің салмақтылығымен танылған шақырған жерден қалмай, ақыл-кеңесімен бөлісті. Қазіргі таңда әлсіздікке бой алдырған жігіттер жағы Саяттан үлгі алса екен.

 Ардагул  Әскербек

Поделиться:

Просмотров: 31