Білімді ұрпақ — ел болашағы

«Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек» - деп, Елбасымыз айтқандай, бүгінгі заман талабына сай Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту міндетінің тұрғанын білеміз. Қазақстандық білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Ал талап қандай болмақ?  Мұғалім мен оқушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде.

27w

Мадина Акматова, Көпбірлік ауылы, Қаратал ауданы

Білім мен ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Ал соның ішінде ерекше көңіл аударарлық біздің мемлекетіміздің мақсаты-білімді ұрпақты тәрбиелеу. Біздің келешегіміз айқын болу үшін, болашақ өмірге білімді жастарды қалыптастыру, ол үшін «Бір мақсат, бір мүдде болу керек»-деп, Елбасымыз айтпақшы, білімді ұрпақ қалыптастыру, өйткені олар бүгінгі және ертеңгі ел болашағы.
Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.
Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар- еліміздің болашағы» деген қанатты сөз жиі айтылады. Ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің болашақ қызметімізді қалай атқаратынымызға  тікелей байланысты.
Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек, ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.

Поделиться:

Просмотров: 9