Бірінші сыныпқа бару үшін 15 түрлі құжат жинайсыз

Талдықорған  қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың назарына!

31zҚұдды бір мемлекеттік қызметке тұратын адамдай  бірінші сыныпқа баратын бала үшін 15 түрлі қағаз қажет деген тізімнен ерінбей бәрін түртіп алдық. Ол қағаздар  болмаған күнде балаңды мектеп қабылдамайды. Ұзын-сонар тізімді  ерінбей тізіп шығайық.
1.    Өтініш ( мектепке  қабылдау жөнінде)
2.    Туу туралы куәліктің көшірмесі ( 2 дана)
3.    Тезтікпе (скоросшиватель) – міндетті түрде  екі тесігі барын алуың керек, ұл балаға көк, қыз балаға қызыл түсті.
4.    Мекен-жай туралы анықтама (ЦОН-нан)
5.    Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама; жұмыс істемесе жұмыссыздарды тіркеу орталығынан; (ал басқа варианттар қарастырылмаған)
6.    Медициналық тексеруден өту
7.    Эпидемиологиялық төңірегінің тазалығы
8.    Ішек құртының бар-жоғы туралы
9.    Екпе картасы
10.    Учаскелік дәрігердің екпе туралы анықтамасы (АКДС, ККП)
11.    Баланың паспорты
12.     Баланың екпелері туралы ( қызыл немесе қоңыр түсті )паспорты
13.     10 теңге тұратын қалың 5 файл
14.    Жазу және  есеп дәптері – 2 дана
15.     3х4 сурет – 2 дана
Осыншама анықтамаларды мектеп не істейді екен?  Тіпті жоғары оқу орнына барғандар да мұншама қағаз тапсырмайды ғой! Мемлекеттік қызметке тұратындар да мұндай  "зор" тексерістен өтпес болар.
Жарайды медициналық тексеруден өтіп,екпе картасын алсын, ал ішек құрты, эпидемиологиялық тазалық сияқтыларды учаскелік дәрігердің анықтамасы- ақ көрсетуші еді ғой? Қағазбастылықтан ажырайық -  деп жар саламыз.  Ал білім саласындағы шенеуніктердің ойлап тапқан «тапқырлығы» болса мынау.
Осы тізімді  неге екі есе азайтпасқа? Мәселен, өтініш,  туу туралы куәлік,екпе картасының көшірмесі,учаскелік дәрігердің анықтамасы ( ішек құрты мен эпид.аумағы бірге көрсетілген) мен тезтікпесі мен дәптері және сурет болса жарамай ма?
P.S: Биыл шамамен Талдықорған қаласы бойынша 3623 бала 1 сыныпқа барады. Әр ата-ана  15 құжатты ретке келтіру үшін уақытын жоғалтпақ. Демек, осыншама ата-ананың әрқайсысы 15 құжаттан дайындаған қағаздың саны 54345 дана болады екен.Кезек күтеміз. Шаршаймыз. Ренжиміз. Шағым  айтамыз. Бірақ шыдаймыз... Онсыз балаңызды мектепке қабылдамайды ғой!

Ардагүл ӘСКЕРБЕК

Поделиться:

Просмотров: 156