Ең қымбат баға — Елбасының бағасы

Алға қойған міндеттер мен жоспарлардың басын қайырып, тағы бір жыл артта қалды. «Өткен жыл – Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымын ерекшеленді. Бұл айтулы межеге Алматы облысы да жақсы нәтижелермен жетті» - деп сөзін бастаған облыс басшысы Амандық Баталов өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есебін берді.  
Жалпы, жыл он екі айдың қорытындысын шығару -  елдің саяси, әлеуметттік-экономикалық өміріндегі айтулы кезең. Биылғы кезең  жылнаманың елеулі беттерінің бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауының жүзеге асырыла бастаған кезеңімен сәйкес келіп отыр. Жаңа Жолдаудың тарихи шешімдері негізінен 2016 жылы алға қойған  міндеттердің  өзегі, жалғасы.  
Ескі жылда Елбасының жоғары бағасын алған жетісулықтар еренді еңбектерімен тағы да ерекшелене білді. Өйткені, талап пен тәртіп қатар жүрді.
Сонымен, өткен жылы өңірдің даму бағыттары, өрлеу талаптары қандай болды?

7a

Екі миллионға жуық халқы бар Алматы облысы бүгінде орасан зор экономикалық өрлеу үстінде. Есепті кезеңде облысымызда өнеркәсіп өндірісінің, ауыл аруашылығының, шағын және орта бизнестің көлемі біршама артқан.

7sОблыс басшысының айтуы бойынша бір ғана инвестиция көлемі 529 млрд теңгені құраған. Бұл ауқымды сома. Бүгінде Жетісу аймағында Иран, Қытай, Ресей, Голландия, Германия елдерінің ірі компаниялары өз нысандарын іске қосуды жоспарлап отыр. Олар негізінен ет, жүн, бау-бақша, құрылыс өнімдерін өндіру жұмыстарымен айналыспақ.
Ресей  мен  Қытайға шығатын  республикалық маңызы бар ірі автомагистраль салынды. Құрылысы бірнеше жыл жүргізіліп келе жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Алматы -Талдықорған» автомагистральдары және «Жетіген – Қорғас» темір жолы өткен жылы пайдалануға берілді.    Биыл «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал – Достық» тасжолдары күрделі жөндеуден өтпек.
Құрылыс мәселесіне келетін болсақ  8 млн.шаршы метрден астам   тұрғын үй, 700-ге жуық әлеуметтік объектілер іске қосылған.
Елбасының тапсырмасы бойынша  қолға алынған ауылшаруашылық секторы да қомақты көрсеткіштерге ие болған.  Әсіресе, республика бойынша қант қызылшасын өсіруде алдына жан салмайтын Алматы облысы, өткен маусымда тәтті түбірден 241 мың тонна өнім алып,

7d25 мың тонна қант өндірген. Қызылша өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының саны 470-ке жеткен. Қызылша жинау маусымында 11 мыңнан астам ауыл тұрғындары жұмыс істеген. Осы орайда Амандық Ғаббасұлы Ескелді ауданының қызылша өсіруші шаруаларын ерекше атап өтті.
2017-2018 жылдары Жетісу өңіріне келетін табиғи газ мәселесі бойынша жұмыстар кезеңімен атқарылуда. Облыс әкімінің айтуынша, үстіміздегі жылдың мамыр айында Талдықорғанның алғашқы үйлері газ жүйелеріне қосылмақ.  Жалпы, қомақты жоспар бойынша Жетісудың  410 мың тұрғыны газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, облыс басшысы тұрғын үй құрылысы, денсаулық, білім беру, жастар саясаты мәслелелері көрсеткіштеріне ерекше тоқталып өтті. Жақсы көрсеткіштермен қатар шешімін таппаған мәселелер жайында да біршама сөздер айтылды.
Мәселен, жер көлемі бойынша еліміздің ірі аймақтарының бірі болып саналатын Алматы облысының   ауыл шаруашылық саласында кооперация жұмыстары  бәсең жүргізілуде, бұл біріншіден. Екіншіден Алматы мен Талдықорған қалаларының азық-түлік  белдеуі дұрыс деңгейде құрылмай отыр. Үшінші мәселе – бірқатар аудандарда орта және шағын бизнестен түсетін үлестің төмен болуы. Бұл кемшілік Ақсу, Кербұлақ. Сарқан, Райымбек аудандарында  орын алып отыр. Шешімін жылдар бойы таппай келе жатқан базарлар мәселесі, әлі де болса өзекті. Облыс аумағында осы күнге дейін сәулеттік, эстетикалық, қала құрылыс талаптарына сай бірде-бір базар жоқ - бұл төртінші.
Бесіншісі - тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауытының жоқтығы .

7fӘкім ауқымды  жобаларды орындау  барысында туындаған мәселелердің шешілуін бірінші орынбасары Л.М.Тұрлашовқа, орынбасарлары  С.И.Бескемпіровке, А.Е.Байжановқа, Ж.Омарға, аудан әкімдеріне, облыс мекемелерінің басшыларына жүктеді.
Бұқара алдында есеп берген облыс  басшысы тұрғындар қойған сұрақтарға жауап беріп, кейбір азаматтарды жеке қабылдауына шақырды.
- Алматы облысы – ерекше өңір. Бауыры – байлыққа, өрісі – малға толған, топырағы қасиетті, табиғаты тамаша, сұлу жердің – Жетісу деп аталуы тегін емес. Жетісу жері – кие қонып, бақ дарыған тарихи мекен.
Жетісулықтар – ынтымағы жарасқан, ерен еңбектің туын биік ұстаған парасаты мол ел. Біздің ең бастапқы байлығымыз – ол халқымыз. Біздің негізгі тірегіміз де осы халық. Сіздердің күнделікті ерен еңбектеріңіздің арқасында облысымыз өсіп, өркендеп келеді.
«Жері байдың – елі бай» дегендей, байтақ өлкеміз – байлық пен берекенің бесігі. Біз халыққа жағдай жасап, қолдау білдірсек, шықпайтын белес, алынбайтын қамал болмас, - деп сөзін аяқтаған облыс басшысы  алға қойған басты мақсаттарға қарапайым халықтың, еңбек адамдарының  қажыр-қайраты арқылы жететініне сенімін білдірді.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың жұмысына тұрғындар өте жоғары баға беріп, қанағаттанарлық деп таныды.

Гүлжанат РАМАЗАНОВА

Поделиться:

Просмотров: 247