Ет неліктен қымбаттады?

Ең арзан ет Талдықорғанда – деп мақтанып жүргенімізде өткен жылдың күзінен ақырындап 1 киллограмы 150-200 теңгеге өскен ет, көктемде шарықтап 1600 теңгеге бірақ шықты. Сиыр еті де, қой еті де осылай. Ал жылқы еті бұрыннан қымбат болатын. Бұл дегеніңіз - ет бағасы шамамен 25 процентке өсті деген сөз.

14b

2015 жылғы мал басының көрсеткіштері бойынша ірі қара малдың саны 6 млн. – ол 1990 жылмен салыстырғанда 62% құрайды, қой мен ешкінің саны – 17,8 млн. – 1990 жылға қарағанда – 48 %,тауық саны 35 млн. -1990 жылмен салыстырғанда 58 % ғана құраған.

Ет бағасының бұлай өсуіне не себеп болды? Оның бірнеше себебі бар екен. Ең алдымен бағаны фермер өсіреді. Өйткені  мал бағу оңай емес. Оның жемі бар, суы бар дегендей. Ал жем – арзан дүние емес. Жанармай да қымбаттап кетті. Осының бәрі өнімнің өзіндік  құнының өсуіне әкеліп соғуда.  
Мысалы, Ақтөбеде ең өтімді сиыр еті 400-500 теңгеге дейін қымбаттаған. Қымбатшылық Қарағандыны да айналып өткен жоқ. Мұнда 400 теңгеге өскен сиыр еті, 2000 теңгеден сатылуда. Ал, жылқы еті тіптен 2 жарым мың. Шымкентте де баға айтарлықтай өскен. Мұнда қой, сиыр, жылқы етінің құны 200 теңгеге көтерілген. Баға өскелі ет іздегендердің қарасы сейілген.
- Бұрын 10 келі алатын болсақ, енді қазір 5-3 келі аламыз. Барлығы солай. Қалтадан қағып жатыр. Ет бағасы Астанада да аспандап тұр. Өзге өңірлермен салыстырғанда мұнда сиыр еті мүлдем қымбат. Бұрын 1400-1500-ден сатылған ірі қара етінің бағасы 2 мыңнан асып кеткен.  
Еттің қымбаттағаны алушылардың санын азайтты. Еттің де түрі азайып жатыр. Мысалы, өткен  жексенбіде Талдықорғанның базарларынан  қой етін таппадық. Неге?

 Ішкі нарықта ет тапшылығы сезіле бастады

Ет сатушылар мен ет дайындаушылардан  естігеніміз:
- Елімізде ет азая бастады. Себебі біз оны сыртқа көп жіберіп жатырмыз. Мысалы, Ресейге, Қытайға...Тіпті АҚШ-та  Қазақстаннан келген ет өнімдеріне әуес деп естідік. Экологиялық таза өнім деп бағалайды екен біздің етті...
- Шетел тұрмақ,14n мына  тұрған Алматының өзі етті Талдықорғаннан алып кетіп жатыр. Бізде Алматының төңірегіндегі ауылдардан гөрі еттің көтерме саудасы арзанырақ. Содан соң ғой, алып-сатарлардың  біздің етті қоймай, көтеріп алып кететіні. Ал одан кейін  ішкі баға көтеріле береді, өйткені ет азайды...
- Экспо – 2017, міне, мамырда ашылмақ. Оған миллиондаған туристер келмек. Оларға не тамақ беріледі? Әрине, Талдықорғанның әрі дәмді, әрі арзан мал еті. Қазір біздің  өңірдің  мал еті Экспоға да  тонналап кетіп жатыр. Ең экологиялық таза  өнім деп танылған себептен де. Бізге келетін тек жекеменшік  фермерлердің  ет өнімдері. Тауар аз болғанда оның қымбаттайтыны белгілі ғой.
- Менің айтайын дегенім, биылғы жылдың аяғында  Хоргоста ет комбинаты ашылмақ. Оны Қытай мен қазақстандық Болат Абилов бірігіп ашпақшы деп естідік. Жақсы бастама болғанымен, төңіректегі малдан мал қоймайтын шығар. Өйткені бұл үлкен кешен болмақшы. Бұл да ішкі нарықтағы  еттің қымбаттауына әсер етпей қоймасы анық. Сондықтан менің  ойымша, Талдықорғанда ет әлі де қымбаттайды. Соған дайын болуымыз керек, ағайын.
- Менің ойымша, шетелге шығаратын ет өнімдеріне шектеу қою керек. Яғни квота дейміз ғой, оны. Өйтпеген күнде, бар етті шетелге шығарып беріп, өзіміз қымбат ет жеп отырғанымыз қалай б14mолады? Осыны шенеуніктер қалай реттейді екен?

Редакциядан:

Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда  417 мың тонна сиыр еті, 200 мың тонна  қой еті өндіріледі екен. Ал соның шетелге қаншасы шығарылады?

Импортымыз көп те, экспортымыз неге аз?

Соңғы бір-екі жылдағы ҚР Үкіметі белгілеген ірі қара малдың  экспортқа шығарылатын ет өнімінің мөлшері  жылына 30-40 мың тонна деп белгіленіпті.  Белгіленгенмен, бізде ондай мөлшерде ет  жоқ. 2015-2016 жылдары әр жыл сайын тек  13-14 мың тонна ет қана сыртқа шығарылыпты. Өйткені мал басының өсімі төмен.  Сарапшы  Сергей  Смирновтың айтуынша, сырттан ет алмай, өз өнімімізді өсіру үшін жасалған жобаларға қазынаның ақшасынан миллиардтаған шығын жұмсалған. Мысалы, қой басын көбейтуге арналған «Алтын асық» және жылқы басын көбейтуге арналған  «Құлан» сияқты бағдарламалар. Бірақ одан шыққан еш нәтиже жоқ. Мал басының көбеюі әлі де төмен дейді ауылшаруашылығының сарапшысы.
Біздің  сыртқа шығаратын ет өнімдерімізге негізінен  Ресей мен Таяу Шығыс елдері тарапынан  сұраныс көп. Олардың қатарына енді Қытай да кіріп отыр. Алайда, ескеретін бір жай, біздің сыртқа шығаратын ет өнімдерімізден гөрі, шеттен келетін ет өнімдеріміздің үлес салмағы 12 есе көп болып шықты. Еліміздің Дүниежүзілік сауда Ұйымына кіруіне байланысты  базарларымыз бен дүкендеріміз   бразилияның сиыр еті, австралиялық қой еті және америкалық тауық етімен шектеліп қалмасы белгілі. Олай болса, өз етіміз өзімізге жетпей, өнімнің қымбаттауына әкеліп соғып жатқанда ет өнімдерін  сыртқа  неліктен шығарамыз және сырттан  мұздалған сапасыз ет пен тауықты неге аламыз? Осының бәрі тек еліміздің тәуелсіздігін айқындау үшін бе? Бұл дегеніңіз саясат пен экономиканың  ұштасуы болса да,  аграрлық сектордағы қателіктер емес пе? Қазір бізде кешенді түрде мал өсіру жоқ. Бәрі жеке-жеке  шаруашылық қана. Жекеменшік қанша мал өсіре алады дейсіз? Әлі жететіндей ғана емес пе? Сондықтан ет мәселесі жоғары деңгейде қайта қаралатын келелі сұрақ.

Баян Таңатарова

Поделиться:

Просмотров: 176