Көркімен тамсандырған Талдықорған

Жаңа заманға сай дамыған ғимараттармен ерекшеленіп, көркейіп келе жатқан Талдықорған бүгінде үлкен белестерді бағындырған қала.

Құрметті азаматтары марапатталды

39.Қала күні мерекесі аясында шаһарымыздың басшысы Бағдат Қарасаев 5 азаматқа құрметті азамат атағын тапсырды. Қалалық мәслихат шешіммен ҚР  Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков, Талдықорған Сервис және жаңа технологиялар колледжінің директоры Сәуле Карамолдинова, Олимпиада жүлдегері Карина Горичева, қалалық мəслихат депутаты, кəсіпкер Бақыт Арқабаев жəне облыстық "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек Талдықорған қаласының Құрметті азаматы атанды.
Қаламыздың «Құрметті азаматы» тізіміне кірген азаматтар арнайы марапатталып, қошеметке бөленді.

Сарыөзектен Талдықорған дейін жүгіріп келген Биебай Тілемісов

39sМерекенің қызу өтуіне ат салысқан белгілі спорт ардагері Биебай Тілемісов Сарыөзектен Талдықорғанға дейін жүгіріп келді. 100 шақырымды шамалайтын қашықтықты жеңіл атлет 7 сағат 40 минутта жүгіріп өтіп, кешкі сағат 20-00-де «Жастар» саябағына табан тіреді.  «Мен осы арқылы адамның мүмкіндіктерін көрсеткім келеді. Әрі бүгінгі бағындырған белесімді Талдықорғанның мерекесіне арнаймын. Барлықтарыңыз спортпен айналысыңыздар. Сонда мен секілді,
70-ке таясаңыздар да жеңіл қозғалатын боласыздар»деп белгілі, ардагер спортшы
қалаға деген ыстық лебізін жеткізді.
Бүгінде Биебай қария алдағы жылы көктемде ардагер атлеттер арасында өтетін әлемдік додаға қаржы жинап жүр.

«Ең үздік, ең үлгілі» байқау қорытындысы шықты

Қала күні қарсаңында қаламыздың әкімі Бағдат Қарасаев үздіктерді марапаттады.           

39aАрнайы құрылған комиссия өз шешімі бойынша, «Ең үздік дәрігер» атағы Талдықорған қалалық емханасының акушер-гинекологы Жаннат Жүнісхановаға тапсырылды. Сонымен қатар, «Үздік мұғалім» атағы Талдықоған қаласы Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Бақытжан Сүлейменоваға берілді. Ал, «Ең үздік учаскелік инспектор» №6 учаскелік полиция пунктінің аға учаскелік полиция инспекторы Мирас Асқаров болса, «Ең үздік кондоминиум объектісін басқару органы» болып «Океан» пәтер иелерінің кооперативінің төрайымы Татьяна Ибрагимова атанды. «Ең үлгілі үй» аталымында жеңімпаз Қаратал шағын ауданындағы
№6 «А» үйінің үлкені Бекет Дурекенов танылса, «Қызмет ету саласының үздігі» болып Гүлжан Есельбаева Курасова атанды. «Ең үздік аула күтуші» атағын «Айшуақ» пәтер иелерінің кооперативінің аула тазалаушысы Асхат Абдырахманов иеленсе, «Ең үздік темір ұстасы» болып «Жетісу Су құбыры» мекемесінің слесарі Дархан Инсенов танылды.  «Ең үздік қоғамдық көлік жүргізушісі» атағын «Талдықорған-Таксопарк» ЖШС жүргізушісі Әлібек Абилдаев жеңіп алды.
Мерекелік іс-шаралардың арасында шығармашылық байқауда ұйымдастырып, қортындысын шығарды. «Туған жерім - Талдықорған» және «Тарихы терең Талдықорған» тақырыбында эссе жазу байқауы да өткен болатын. Бұл байқауларда № 16 орта мектептің 10-сынып оқушысы Мария Пасечная мен Абай атындағы №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұржан Әбілқасым үздіктер қатарынан көрінді.

Мерекелік отшашу

Қала күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар аясы «Жастар» саябағында гала  концертпен нүкте қойылды.
Талдықорған қаласынның тұрғындарын құттықтауға жергілікті талантты әншілермен қоса Әлішер Каримов пен Зарина Омарова сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары өз өнерлерімен тәнті етті. Он минуттан астам отшашумен жасалған көрініс 20:30 шамасында орын алды.
Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түсетін Талдықорған қаласының мерекесін тойлауға келген жастар легі көп болды. Қала тұрғындары қала күнін көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

Ардагүл ӘСКЕРБЕК

Поделиться:

Просмотров: 33