Мектеп автобусы: қиян мен қиял

Аялдамада тұрған ата-аналардың пікірі

Мектеп автобусы. Қиянда ма, қиял ма?  Осыдан бірнеше жыл бұрын депутатар бұл мәселені үлкен отырысқа  салған болатын. Депутатарды бір серпілткен қайғылы оқилар сол жылдары жиі қайталанып кетті емес пе. Соңғы кездері бала өліміне қатысты жаңалықтар тағыда интернет бетінде толып жүр. Кеш қайтып, үйлеріне жетпеген балалар, қайғырған ата-аналар қаншама елімізде? Сондықтан қаржының бетіне қарамай, мектеп автобусын жүргізетін кез келген шығар. Тағы бір мәселе қалалық көліктердің оқушыларға лық толып жүретіндігінде.

39xНагима, 1 сынып оқушысының анасы:
- Түскі сағат 12.00 мен 14.00 арасында жүртін 14 маршруттың ішіне кірудің өзі қорқынышты.  Кейде автобус аялдамаға тоқтамай өтіп кетеді. Өйткені іші лық толы. Балаларды аяймын.  Осы мәселе бір шешілмей қойды ғой. Қала басшылары мен депутаттар осы мәселені қолға алса екен тезірек.
Ә.Тоқтамысов, 9 және 13 жастағы оқушылардың атасы:
- Биылдан бастап оқу сағаттары ұзарады дейді. Шайқорған болса тас қараңғы. Жазда орнатылған столбтарда әлі жарық жоқ. Онымен қоса 14 маршруттың жүрісі өте нашарлап кетті. Кейде жарты сағат күтетін кездер болады. Немерелерім сабаққа жиі қалып барады. Ондай жағдайда мұғалімдеріне айтып қоямыз шет жағасын. Олар біздің жағдайымызды біледі. Сондықтан түсініктікпен қарайды.
Шеккер Ақан, төменгі сынып оқушысының әжесі:
- Жаңа мектеп салынып жатыр деп, мектеп автобусын бере қоймас. Бірақ түс мезгілінде 14 маршруттың санын көбейтуге болмас па екен? Қашан көрсең, автобустар толып келеді.   
Орталық базар – Красный камень саяжайына жүретін  14 маршрутты автобустың күнделікті жүрісі осындай. ...Ал жаңа мектеп әлі салынуда.

Гүлжанат РАМАЗАНОВА

Поделиться:

Просмотров: 13