NEETтер — жұмыс істегісі келмейтіндер

25-26eБұл аббревиатура бізге ағылшын тілі арқылы келген және халықаралық статистикада  қолданылады. Оның негізгі мағынасы – еш жерде оқымайтын, еш жерде  жұмыс істемейтін және еш жерде үйренуші (стажер) ретінде де тіркелмеген адамдарға берілген статус.
Мұндай адамдар барлық дүниежүзі елдерінде бар. Бірақ олармен жұмыс істеу бағдарламасы әр елде қарастырылған деп толықтай айтуға болмайды. Бұл мәселеге әлеуметтік мағына беріп отырған әзірге тек Жапония.

Олар NEET тобындағы  адамдарға  жасы 34 жасқа дейінгі адамдарды жатқызып,оларды «хикикомори» деп атаған. Бұл сөздің жапонша мағынасы «өзімен өзі қалғандар» деген мағынаны білдіреді.Жапонияның стратегиялық дамуында хикикомори тобымен күрес жарияланды.Өйткені еңбек нарығындағы дағдарыс  осыны қажет етіп отыр.Жастары 40-тан асқандар ата-анасына салмақтарын салып,олардың мойнында - ешкіммен араласпай, ешқайда жұмыс істемей – отыр. Ал оларды асырап отырған әке-шешесі қайтыс болғанда оларға не болмақ? Міне,Жапон үкіметі осы жағын да ойластыруда.

25-26qNEET-тер қалай пайда болды?

Бұл топтағы адамдар, негізінен, не жарытып оқымаған,  немесе сапасыз білім алып онысы  жұмыс істеуге жарамсыз болып қалғандар, сол себептерден де еш жерде  жарытып жұмыс істемегендер, еңбектегі бәсекеге білімі мен тәжірибесінің төмендігінен қабілетсіз болғандығынан, тағы біреулері өмірден жолы болмай беті қайтып қалған адамдардан құралады.
NEET-тердің кейбіреулері  аз жалақыны місе тұтпай көп жалақысы бар жұмысты күтеді.  Жұмыс таппағандары қылмысты топтарға кіріп кететін жағдайлар да бар. Ал  олардың қоғамға пайдалы адамдар болуы үшін не істеу керек? Ол үшін оларды сұранысқа ие мамандықтарға қайта дайындап оқыту керек. Ең дұрысы осы жол – дейді сарапшылар.

Олар жұмыссыздар ма, құлықсыздар ма?

Батыс елдеріндегі NEET-тер көбіне, жұмыссыздар болып келеді. Ал Ресейдегі NEET-тер белсенділігі төмен жандар болып саналады.  (Өкінішке орай Қазақстанда ондай статус кіргізілмеген сыңайлы)
2011 жылы, мәселен, ортаевропалық көрсеткіш деңгейі бойынша NEET тобында 7,5 млн.жастар тіркелген. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 2 млн.адамды құраған.
Еңбек нарығынан тыс қалатындар тобын жұмыссыздар емес, белсенділігі төмен, жұмыс іздемейтіндер құрап отыр.Жұмыссыздар тез жұмыс тауып ала қоятын болса, енжарлар бұған құлықсыз қарайды. Жапон үкіметін дәл осы мәселе алаңдатып отыр.

25-26w NEET-тер бізде де бар ғой...

Бұл бір жағынан алғанда ,біздің қоғамымызды да алаңдатуға тиіс нәрсе. Басқаша айтқанда халық саны аз елімізде статистика бойынша саны көп емес –деп көрсетілетін  жұмыссыздар саны жарты миллионнан асуы мүмкін. Ал оған есептелмеген  NEET-терді қоссаңыз...Онда жұмыссыздықпен қатар, (атауы  сыпайы көрінетін NEET –терді мен «тоғышарлар»  дер едім), солармен  де күресуіміз тиіс емес пе? Жұмыс істеуге де ,жұмыс іздеуге де құлықсыздар бізде де бар.  Олардың жас шамасы да 15 жастан басталып,тіпті 50-60 жасқа дейін жетеді.
Олай болса біздің Үкіметіміз де Жапония сияқты «хикикомораларымызбен» күресуге бет алғанымыз дұрыс шығар. Бірақ біз «хикикомораларымыз» тұрмақ жұмыссыздықты ашық айтуға қорқамыз ғой. «Бар,бірақ аз» дейміз де қоямыз...

Автордан: «МК в Казахстане» газетінің  (24-30 мамыр 2017)  санында NEET-тер  туралы жазылған екен. Біз сол мақаланың өзімізге қажетті деген тұстарын аударып, оқырманға өз ойымызды да қосып жеткізгенді жөн көрдік.

Баян Таңатарова

Поделиться:

Просмотров: 79