Ораза — киелі ай

СканБисмилләһи рахмани-рахим, Алла қалаған ораза айында ұстаған оразамыз бен дұға-тілектерімізді Алла қабыл етсін! 
Баршамызды тура жолда жүруді нәсіп етсін!

Ұлбатыр  Байболқызы,  зейнеткер

Ұлбатыр Байболқызы,
зейнеткер

Осы айда адамдар бір-біріне мейірімді, қайырымды болып, туыстай сезімде жақындасады. Шақырысып, дәм татысады, бір тілекте болады. Жесір мен жарлыға көмек берген адам Аллаһ тағаланың жолында күресіп, түні бойы ораза ұстап намаз оқығанмен бірдей деп жатады. Ниетіміз бұзылмасын. Алла тағалаға жақын адам - ол жомарт адам. Казір кейбір қарттар көмекке зәру, осы ретте ісі оңға басқан қалталы азаматтар ауызашар беріп, қайырымдық шаралар өткізсе - үлкен сауапқа кенелері хақ. Ораза айы - жақсыға да, жаманға да сабырмен қарайтын төзім айы. Ораза айы мың айдан да аяулы, ешқашанда пайда бермейтін кек, ашу, жаман әдеттерден арыласың, денсаулыққа зияны көп, артық ас ішуден тоқталасың.

Ораз ұстап, адал аспен ауыз ашып, бес уақыт намазын оқығандар, өздерін ақ қанатты періштедей сезінеді. Көпшілік құдайдан бір-ақ жас кіші дейді, сондықтан көптің бағасы да әділ. Кеңестік жүйе, қабырғасынан қақ сөгіліп, құрамындағы ел ыдырап, дағдарысқа ұшырап қалғанда, халық базар жағалап, босып кеткені бәрімізге аян. Экономика құлдырап, еңбекақы, зейнетақы айлап, жылдап төленбей күйзеліс басталды. Сол аса бір қиын жағдайда, Елбасы халқын сабырлыққа шақырды. Дінбасылар мен ауылдың көреген ақсақалдарынан ақыл сұраған, кеңесін тыңдаған. Ауыл-ауылға мешіттер салды, имандылыққа шақырды. Шекаралық мәселеде тапқырлық танытып, ұстамдылық пен халықтар қақтығысын болдырмау үшін еңбек етті. Соның арқасында қазіргі Казақстан, мәртебесі биік қуатты елге айналды. Әлбетте, дін дұрыс насихатпен тарайтыны шындық. Адам басына түскен ауыртпалықты тек қана сабырмен жеңеді. Дін бар жерде тазалық пен береке бар. «Тәрбие тал бесіктен басталады» - деген қағиданы ұстаған ұстаздар мен тәрбиешілер, мектеп пен балабақшаларда діни танымдылық шараларын өткізді. Ата-дәстүрімізді қайта жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жоспарланды. Діни сауаты бар азаматтар уағыз айтып, азан шақырып, намазға үйірген амалдарды жүргізді, Аллаға деген сенім, келешекке деген үміт отын жақты.
Қазіргі кезде республикада көптеген діни басылымдар жарық көруде. Тіркелуден өткен діни оқу орындары жетерлік, соларға қатысып сауатымызды ашқан жөн дер едім. Мешіт қоғамға қажетті рухани, мәдени мекеме. Күн сайын уағыз айтып, қадистердің талаптарын талдап - таныстыру өте сауатты имамның міндеті. Құран аяттарының мағынасын екінің бірі түсіне бермейді. «Алақағаз» аударғанның бәрі қари емес. Өз бетінше кітапті оқып-ақ, сауатымызды ашып аламыз дегендер, қателеседі. Бүгінде көше-көшеде кітапшалар қаптап кетті, кім қандай оймен, не мағынада жазғанының астарын көп адамдар түсіне бермеуі мүмкін. Қайсы бір ауылдарда мешітке ие болатын имам жоқ . Ай сайын ауысатын молдалар, өз міндетін тек жаназа шығарып, жеті шелпекке дұға оқу ғана деп түсінеді.
Осы күні әртүрлі сектаның адамдары жастарымызды адастыру үшін түрлі әрекеттер жасауда. Солардан сақтану яғни қорғану, әр адамның өзінің діни сауаттылығына байланысты. 2000-жылдардың басында еліміздің барлық теле - арналарынан күн сайын кешкілік техника ғылымының докторы діни уағыз айтып, оны бәріміз ұйып, сүйсіне тыңдағанбыз. Сарай сахналарында жеті жігітің діни өлеңдері мен салған зікірлері, концерттік программаларда көрсетіліп, соған да бәріміз қол соғып, қошамет көрсетіп, бас шұлғымадық па? Бүгін сол адамдардың әрқайсысы қылмысты деп табылып, мемлекетіміздің заңымен қатаң жазаға тартылуын әркім әр түрлі түсінеді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмауда имамдарымыздың атқарар жұмысы, көтерер жүгі күрделі де ауыр. Мешіттердің көптеп салынуы тегін емес, Ол рухани ошақ. Салауатты, сауатты сабырлы болғандар - көрегенділіктің кілтін ұстағандар. Алланың ақ жолында жүргеннің ісі сәтті, басы аман болады. Алла сақтансаң сақтайды деген, жақсы өмір сүру адамның өз әрекетіне байланысты екені шындық.

Айналайын адамдар!
Саусақты бүгіп санаңдар.
Кімдер жүр мына жеріңде?
Сақтанып сергек қараңдар!
Қасиетті рамазан айында

Қадыр түнін ақ тілекпен қарсы алып, Алланың нұрына бөленейік, ағайын. Қазақстанымызда, дүниежүзінде ләйім тыныштық сақталып, келешек ұрпақтарымыз аман болып, қазақтай текті ұлтымыздың туы мәңгі желбіресін. Елбасымыз әділ болса, қазақпен әрқашанда Қыдыр бірге. Қазақтай алып халықтың жер-суы лайланбасын дегім келеді Ораза құтты болсын бауырлар!

Ақ мешіт

Арайланып айбарлы,
Ақ мешіт тұр алдыңда.
Кіріп жатыр жамағат
Бәрінде бар зор үміт,

Түйіп қойып ұзын шашты,
Орамалмен бүркеп басты,
Таза келсең дәрет алып,
Киім кисең ұзын етек
Қарсы алады Ақ мешіт.

Мұсылманның жолын біліп,
Құран-дұға сөзін ұғып.
Құбылаға бетті бұрып.
Ақ тілекпен келсеңіз,
Қарсы алады Ақ мешіт.

 

Азан үні

Күмбезі көк тіреген кербез мешіт,
Үнінен азанының көңіл сергіп,
Алланың өзі келіп төбемізден,
тұрғандай сезінесің бата беріп.

Аллаға айтқандай, сыр құпиясын,
Қол жайып алға қарай жайыласың.
Пенде боп бас қоясың жайнамазға,
Кешір деп, өмірімнің бар күнәсін.

Біреуге-біреу әсте қас қылмасын.
Қас қылса, жар жыламай бос тұрмасын.
Азанның шақырылған құдыретті үні,
Сәждеге бар пендесін бас ұрғызсын.

Намаздың мезгілімен азан үні,
Парызын оқытады әр-бір күнгі
Салауат Мұхаммедке айтқызады,
Шақырып шариғатқа сансыз мыңды.

 

Имам ұстаз

Адам ғып бізді жаратқан,
Алла екенін білгейсің.
Кірген сайын мешітке,
Намаз оқып жүргейсің.

Имам ұстаз баршаға,
Үйретеді намазды.
Асыққан дұрыс мешітке,
Шақырған кезде азанды.

Мешіт сенің рухани
Білім алар мектебің.
Қасынан оның өтерде,
Кірмей аттап кетпегін.

Шығарда алыс сапарға,
Болғанда мезгіл жатарға,
Қуансақ не қайғырсақ,
Алладан медет сұрасақ,
Жүргізер бізді қатарда.

Сабырға келіп ата-ана,
Өнеге көрсет балаңа
Сыйынып жалғыз Аллаға
Ұйыған дұрыс Имамға.

Поделиться:

Просмотров: 714