«Тәрбие — жас ұрпақ келбеті»

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі қалалық балалар кітапханасы ұжымымен бірлесіп «Тәрбие - жас ұрпақ келбеті» атты дөңгелек үстел өткізді.
Шараға ардагерлер, ұстаздар, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты. Игі шара «Мәңгілік Ел» идеясын жиналғандарға  түсіндіру және оның негізінде жастарды азаматтыққа  баулу, мектеп оқушыларын Қазақстандық патриотизмге, елжандылыққа, отан сүюге баулу, оларды төл тарихымызды, мәдени мұраларымызды  білуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге үйрету, жастардың ұлттық рухын, сана-сезімін дамыта отырып, ертеңгі ел азаматын қалыптастыруға қадамдар жасау мақсатында өтті.
Бүгінгі бала тәрбиесіне қатысты тәрбиелік шаралардың барысы, бағыты негізінде қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұханбет Ерасылов айтып өтсе,  кітапхана қызметкері Жамал Ысқақова кітап көрмесіне шолу жасады.
Сондай-ақ қалалық кеңес төрағасы Мұрат Қалық, Тұрсын Әбдуали,  Әли Ысқабай, Танатар Алшабеков, Шәкірт Әбдікәрімовтар өз пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында Мереке Серғазин атамыз жастарға өз батасын берді.

    Г. СЫДЫҚОВА

Поделиться:

Просмотров: 82