Талдықорғанда рухани кеш өтті

Рухани жаңғыру

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Талдықорғандағы рухани кештері» тақырыпта отырыс өтті. Отырысқа облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Оспанұлы Әміреев, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Ардақ Нүсіпханұлы Оразбаев, Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын, сазгер Қамнұр Тіләмұлы Тәлімов және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Жастар ісі» жөніндегі өкілдері қатысты.
Биылғы жылы жас ұрпаққа  дін туралы көбірек мәліметтер беру мақсатында «Талдықорғандағы рухани кештер» жобасы алға тартылды. Жаңа игі шараның тұсауын кескен Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын, сазгер Қамнұр Тәлімов «Әрбір адам осындай бейбіт өмір, тыныштықтықта  өмір сүріп жатқанына шүкір деуі керек. Қазіргі жастарға кітап оқуға кеңес беремін. Ұялы телефонға сіз бірлік құйған соң ғана сөйлейді. Ал кітапты кез келген уақытта қолыңызға алып, рухани байлыққа кенелуге мүмкіндік аласыз.»  деп көкейде жүрген ойларымен бөлісті.
Өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленген Жұматай Оспанұлы Әміреев қонақты қалай күту керектігімен қоса «Жүз ғасыр жырлайды» деген кітап жайлы тоқтала отырып, қазақтың қара домбырасымен ән шырқап берді. Сондай-ақ өткен ғасырда өмір сүрген  ақын- жыраулардың жазып кеткен дастандарынан дін жайлы  жазылған мысалдардан үзінді келтіріп, адамдарды дін жолында адаспай, рухани бірлік жолында тазалықты насихаттауын айтып, өз өлеңдерін оқыды. «Иман» мешітінің наиб имамы Ардақ Нүсіпханұлы Оразбаев  қазақтың тектілігіне тоқталып өтті.

Поделиться:

Просмотров: 24